100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін: «Қазақстан темір жолының» жетекшілері ірі көлемде пара алып келген
100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін: «Қазақстан темір жолының» жетекшілері ірі көлемде пара алып келген
«Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды қызметкерлері вагондарды кедергісіз өткізу үшін пара алып келген.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу үщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді», - деді спикер Агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша жемқорлар өздері ұйымдастырған қылмыстық жоспардың арқасында едәуір байып алған.
«Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», - деді Данияр Бекайдаров.