100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін: «Қазақстан темір жолының» жетекшілері ірі көлемде пара алып келген

100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін: «Қазақстан темір жолының» жетекшілері ірі көлемде пара алып келген

100 мыңнан 5 млн теңгеге дейін: «Қазақстан темір жолының» жетекшілері ірі көлемде пара алып келген
ашық дереккөзі
«Қазақстан темір жолы» компаниясының лауазымды қызметкерлері вагондарды кедергісіз өткізу үшін пара алып келген. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жемқорлық жағдайлары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та да жиі кездеседі. Ол компаниядағы жекелеген жетекшілер вагондарды кедергісіз өткізу үщін кәсіпкерлерден ірі көлемде пара алып келген. Мұндай жағдайлардың Алматы, ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қызылорда, Павлодар облыстары мен Шымкентте тіркелді», - деді спикер Агенттіктің онлайн режимдегі баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша жемқорлар өздері ұйымдастырған қылмыстық жоспардың арқасында едәуір байып алған. «Пара көлемі 100 мың теңгеден бастап 5 миллион теңгеге дейін болған. Бұл істерде ондаған миллион теңгенің жағдайлары тергелуде», - деді Данияр Бекайдаров.