Нұротандық депутат 6 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге үй сыйлады
Нұротандық депутат 6 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкеге үй сыйлады
Алматы облысы Сарқан қаласының тұрғыны, 6 баланың әкесі Ерхат Тоқтаров «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өзінің баспанаға қатысты мәселесімен келген еді. Төрт қыз және екі ұл өсіріп отырған әкенің ең кенжесі небары үш жаста. Шиеттей бала-шағамен тұрып жатқан 18 шаршы метрлік ескі әрі кішкентай үйдің әбден тозығы жеткен.
Мәселенің мән-жайына қаныққан облыстық мәслихаттың жаңа шақырылым депутаты, өзі де көпбалалы әке Руслан Қожасбаев Ерхаттың басындағы жағдайға бей-жай қарамады. Ол кәсіпкер ұлы Саянмен бірге Ерхат пен оның балаларына Сарқан қаласынан жаңа үй сыйлады.