Зейнетақы жинағы арқылы екінші қазақстандық баспаналы болды

Зейнетақы жинағы арқылы екінші қазақстандық баспаналы болды

Зейнетақы жинағы арқылы екінші қазақстандық баспаналы болды
ашық дереккөзі
Қостанай қаласының тұрғыны Серік Сарбасов зейнетақы жинағы арқылы баспаналы болған екінші қазақстандық атанды. Бұл туралы "Отбасы банкі" хабарлады. Серік Сарбасов бастапқы жарна ретінде пәтер құнының жартысын төлеп, 8.5 пайыз мөлшерлемемен үйлі болды.
"Ол 1 ақпан күні қаражат арнайы шотына түсіп, 2 ақпан күні сатып алу-сату шартына қол қойып, жаңа пәтерінің кілтін алған. Ипотеканы Отбасы Банкінде рәсімдеді. Яғни бастапқы жарна ретінде пәтер құнының жартысын толықтырып несиені 8.5 пайыз мөлшерлемемен алды, ал бір жарым жылдан соң несие мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендейді", - делінген банктің Instagram желісіндегі парақшасында.