Әлем бойынша ең арзан тұрғынүй – Қазақстанда

Әлем бойынша ең арзан тұрғынүй – Қазақстанда

Әлем бойынша ең арзан тұрғынүй – Қазақстанда
ашық дереккөзі
Елімізде тұрғынүйді жалға алу бағасы әлем бойынша арзан болып шықты. Рейтинг бойынша Қазақстан 138 елдің ішінде 107-орында. Ал  ең қымбат үйлер – Нью-Йорк қаласында. Рейтинг жалға алу құны қымбат немесе арзан екенін индексі 100-ге тең Нью-Йорк қаласына қатысты бағаланады. Егер елдің индексі 110 болса, онда жалға алу құны Нью-Йоркке қарағанда 10%-ға қымбат, егер аз болса – 95%, онда 5%-ға арзан. Ал Қазақстанның индексі 9,31. Бірінші орында Бермуд аралдары (индекс 92,86), одан кейін Гонконг (74,24) және Сингапур (64,77). Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Армения (92-орын, индекс— 10,36) мен Ресейден  (100-орын, индекс — 9,77) кейін үшінші орында. Елімізде 2020 жылғы желтоқсанда жайлы жабдықталған тұрғынүйді жалға алудың орташа бағасы 1 шаршы метрге 1 600 теңге болды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9,3%-ға қымбат. Қараша айымен салыстырсақ, тұрғынүйді жалға алу бағасы 1,2%-ға өскен. Қазақстанда тұрғынүйді жалға алудың ең жоғары бағасы – Нұр-Сұлтан (1 шаршы метрі 2 900 теңге), Алматы (2 300 теңге) және Ақтау қаласында (2 000 теңге) болса, ең арзаны – Семейде (1 200 теңге). Жалпы Қазақстанда 2020 жылғы қыркүйекте тұрғынүйді жалға алу құны айтарлықтай өсті.