Жаңалықтар

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Тоқмақта жерленді

ашық дереккөзі

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Тоқмақта жерленді

 Бельгияда коронавирустан қайтыс болған қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсімі Тоқмақта өтті, деп хабарлайды АКИ press агенттігі. Алиджан Ибрагимов ауруы асқынып, ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Оның жаназасына келушілерге шектеу болған жоқ. Тек фото, видеоға түсіруге тыйым салынған. Жаназаға Қазақстан мен Ресейден арнайы келгендердің қарасы көп болған. Арасында Александр Машкевич, Патох Шодиевтер Ибрагимов туралы естелік айтқан.