Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Тоқмақта жерленді

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Тоқмақта жерленді

Қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов Тоқмақта жерленді
ашық дереккөзі
 Бельгияда коронавирустан қайтыс болған қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимовты жерлеу рәсімі Тоқмақта өтті, деп хабарлайды АКИ press агенттігі. Алиджан Ибрагимов ауруы асқынып, ұзақ уақыт жансақтау бөлімінде жатқан. Оның жаназасына келушілерге шектеу болған жоқ. Тек фото, видеоға түсіруге тыйым салынған. Жаназаға Қазақстан мен Ресейден арнайы келгендердің қарасы көп болған. Арасында Александр Машкевич, Патох Шодиевтер Ибрагимов туралы естелік айтқан.  width= Ал Қазақстаннан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және бірнеше мемлекеттік қызметкерлер барған. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің өкілі Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің атынан көңіл айту жеделхатын оқыды. Алиджан Ибрагимов Винсовхоз елдімекеніндегі мазарға жерленді. Ол 1953 жылы маусым айында Өзбекстанда туған. Қазақстан азаматы, 6 баласы бар. Алиджан Ибрагимов 1974 жылы Мәскеу ветеринарлық академиясын «Өнеркәсіптік тауарлар өндірісі мен саудасын ұйымдастыру экономикасы» мамандығы бойынша тәмамдады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының экономисі және басшысы болып жұмыс істеді. «Невада-Семей» АҚ бас директоры, басқарма төрағасы, кейін президенті болды. 1995-2000 жылдар аралығында Еуразиялық банк директорлар кеңесінің төрағасы болды. 2001-2007 жылдары Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық президиумының мүшесі болды. 2002-2007 жылдар аралығында «Қазхром ТҰК» АҚ-ты басқарды. «Қазақстан алюминийі» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды. https://www.youtube.com/watch?v=vqEPKqqLUeI&ab_channel=AKIpressnews Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін «Құрмет»,  III дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. Ол былтыр маусым айында ол COVID-19-бен күреске үлес қосқаны үшін марапатталды.

Коронавируспен күреске Алиджан Ибрагимов 100 миллион теңге бөлген болатын.