Қазақстанда жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады – Президент

Қазақстанда жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады – Президент

Қазақстанда жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады – Президент
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Digital Almaty 2021-Жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» атты халықаралық форумда алдағы 5 жыл ішінде осы бағытқа миллиард доллардан астам инвестиция тарту жоспарланып отырғанын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, негізгі екпін ақылды экожүйені құруға бағытталмақ және оның мүмкіндіктеріне көптеген салалық деректі талдау кіреді. Бұл тәуекелді болжау мен алдын алудың тиімді модельін құруға мүмкіндік береді және реформалардың максималды әсерін қамтамасыз етеді. «Осы мақсатта Дүниежүзілік банкпен бірлесіп Назарбаев Университетінің базасында жасанды интеллектінің ұлттық кластері құрылады. Ауқымды ақпаратты тиімді өңдеу үшін деректер орталықтары жасақталады. Алдағы бес жылда біз осы бағытқа шамамен 500 миллиард теңге немесе миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Әрине, біз Одақтағы және аймақтағы серіктестерімізді жан-жақты ынтымақтастыққа шақырамыз», – деді Қ.Тоқаев.