Қарағандыға кетіп іс-түссіз жоғалған жүкті әйел табылды
Қарағандыға кетіп іс-түссіз жоғалған жүкті әйел табылды
Осыдан екі апта бұрын Ақмола облысындағы Қосшы кентінен Қарағандыға шығып із-түссіз жоғалған 32 жастағы жүкті әйел Гүлнара Сәрсенова Қарағандыдан табылды, - деп хабарлайды аймақтың ПД баспасөз қызметі.
"Әйелді Майқұдықта учаскелік полиция инспекторы тауып алды. Ол қызмет ететін аумақты аралау кезінде байқап танып қалады, содан кейін оны бөлімге жеткізді. Іздестіру туралы бастама жасаған адам хабарланды", - деді Қарағанды облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Гүлнар Сәрсенова қазір үйіне келе жатыр, не себепті хабарсыз кеткені әлі белгісіз. Ал онымен бірге тұратын Александр Ершов әзірге онымен сөйлеспегенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 32 жастағы жүкті әйелдің із-түссіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Онымен бірге тұратын Александр Ершов әйелді іздеп, Қарағандыға кем дегенде тоғыз рет барғанын, бірақ таба алмағанын айтқан болатын.