13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе аласыз
13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізе аласыз
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 13 ақпаннан бастап еліміздің азаматтарына көлікті тиісті құжаттарды алып жүрмей-ақ, тек жеке куәлікпен жүргізуіне болатынын айтты.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-не заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Жаңа заң 13 ақпаннан бастап күшіне енеді», – деп жазды министр желідегі парақшасында.