Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін

Мунгия Головкинмен келісе алмаса Қанат Исламмен жұдырықтасуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) мамыр айында жекпе-жек өткізу жөнінде өзара келісімге келе алмады. ҚазАқпараттың Boxingscene-ге сілтеме жасап жазуынша, жеңіліп көрмеген мексикалық нокаутер орта салмақтағы үшінші жекпе-жегін сәуір айының алғашқы жартысында өткізуді жоспарлап отыр. Ал оған әлеуетті қарсылас ретінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) аталған. Мексикалық боксшының командасы Қанат Исламмен келіссөз жүргізіп жатқанын, алайда әліде Головкинмен жұдырықтасуға басымдық беретінін айтты. Айта кетейік, Қанат Ислам былтыр жекпе-жек өткізген жоқ. Қазақстандық боксшы орта салмақта әлемдік рейтингіде 14-орында. 24 жастағы Хайме Мунгия 2018 жылы америкалық Садам Әлиді жеңіп, бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын иеленді. Сондай-ақ, Мунгия осы салмақта чемпиондық атағын 5 рет сәтті қорғап, Қанат Исламның бұрынғы қарсыластары Брэндон Кук (22-2-0, 15 КО) пен Патрик Аллотейды (41-4-0, 31 КО) нокаутпен жеңді. Мунгия 2020 жылы орта салмаққа ауысып, екі жекпе-жек өткізді. Соңғы жекпе-жегінде, мексикалық боксшы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша Inter-Continental титуылын иеленіп, әлемдік рейтингіде 5-орында тұр.