Жаңа қаулы: мешіттерге жамағаттың жиналуына рұқсат етілді

Жаңа қаулы: мешіттерге жамағаттың жиналуына рұқсат етілді

Жаңа қаулы: мешіттерге жамағаттың жиналуына рұқсат етілді
ашық дереккөзі
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жамағаттың жиналуына рұқсат етілді. «Мешіттерде толымдыдығы 30 пайызға дейін, бірақ 100 адамнан аспаған кезде (бес уақыт намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілді. 150 адамға дейінгі толымдылығы 25 пайыздан аспайтын мешіттерде, ауылды жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріледі», – делінген қаулыда. Қаулының орындалуын Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер өзі бақыламақ.