Еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар өңірінде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
ашық дереккөзі
Жұма, 5 ақпан күні елімізде қара аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Қазгидрометтің мәліметінше, 5 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон және атмосфералық фронтальды ағын ықпал етеді. Кей жерде қар аралас жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, жел күшеюі ықтимал. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында күн райы ашық болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болады, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде боран соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.