Гүлмира ӘШІРБЕКОВА: Тәуелсіздіктің төл басылымы

Гүлмира ӘШІРБЕКОВА: Тәуелсіздіктің төл басылымы

Гүлмира ӘШІРБЕКОВА: Тәуелсіздіктің төл басылымы
ашық дереккөзі
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары жаңадан жарыққа шыққан басылымдар журналистикаға жаңа леп, жаңа тыныс әкелді. Кеңестік идеологияның нұсқауымен тыйым салынған тақырыптарға жол ашылды. Тарихи, танымдық мә­селелерге ұлттық мүдде тұрғысынан баға бере бастадық. Қазақ журналистикасының тарихын зерттеуші профессор Қы­рықбай Алдаберген «1988 жылғы есеп бойынша Қазақстан кө­лемінде 500 республикалық, облыстық, қалалық, аудан­дық және көп тиражды газеттер, жиырма миллион данамен журналдар және журнал тектес басылымдар шығып тұрды. 1988-1991 жылдар аралығында жо­ғары­да аталған газет-журналдар­дың қа­та­рына тағы да қазақ тілінде шығатын бір­неше жаңа басылым­дар келіп қосыл­ды» деген  мәлімет­тер­ді келтіреді. Яғни, осы жылда­р­дан бастап елде қазақ тілінде шы­ға­тын басылымдар саны күрт артқан. Аталған мерзімді баспасөзге 1994 жыл­ғы 28 қаңтарда ха­лықаралық «Түр­кістан» га­зеті қо­сылды. Ғалым Қ.Алда­берген тәуел­сіз­­дік жылдарындағы басы­лым­дар туралы ең­бегінде газеттің сол жыл­дары Ресейге та­ра­ғанын жазады. «Түр­­кістан» 2009 жыл­дан бастап «Рос­печать» к­а­талогына енгі­зі­ліп, ре­сейлік қазақ оқыр­ман­дары жа­зы­лып оқы­ған. Ал 2010 жылғы 22 нау­­­­рыздан бас­тап 12 бет­тік көлемде А2 фор­матымен жа­рық көр­ген. Газет­тің алғаш­қы редакторы 1993-1999 жылдары Қазақ­стан­ның ха­лық жазу­­шысы Қ.Мұхамеджанов бол­­ған. Ба­сы­­лым жарық көргеннен бас­тап шет­ел­дегі қан­дастар, демог­ра­фия, мем­лекет­тік тіл, ха­лықара­лық саяси мәселелер, түр­кітіл­дес ха­­лықтар достастығы туралы ма­­те­­риалдар жа­риялаған. Бүгінгі күнге дейін осы бағыт-бағдарынан айны­ған емес. Тәуелсіздік жылдары мерзімді бас­па­сөз тарихында халық­ара­лық дең­гей­де «Заман-Қазақстан» және «Түр­кіс­тан» газеттері жарық көр­ді. «Заман-Қазақстан» Түр­кияда шы­ғатын  Zaman га­зе­тінің қо­сым­шасы ретінде екі ел ара­сындағы дос­­тықтың дәнекері болып қа­зақ жә­не түрік тіл­дерінде шықты. Бұл ке­­зеңде  Zaman га­зе­тінің 18 елде қо­сым­шалары жарық көр­ген. Кейін ба­сылым атауы «Қазақстан-Zaman» болып өзгерді. Ал «Түркістан» газеті дү­ние­жү­зілік қауым­­дастыққа қо­сылуға ұмтыл­ған Қа­зақ­станның алыс-жақын мемле­кет­­тер­мен бай­ланысына, халықтар ара­сын­дағы дос­­тық­қа, халықаралық саяси мә­селелерге ден қойып келеді. Газеттің ал­ғашқы нөмі­рі­не тілек жазған Ел­басы Н.Назарбаев «Ха­лық­аралық «Түркістан» газеті Тәуелсіз Дос­тас­тық елдерімен, шет мем­лекет­тер­мен әлеу­меттік-экономи­ка­лық, ру­хани бай­ланыстарымыздың нығая түсуіне өз үлес­терін қосып, халық­тар арасындағы достық пен ынты­мақ­тастыққа ұйытқы болады» – деп сенім білдірген. Осы сенімге бүгінгі күн­ге дейін селкеу түсірмей, Қазақ­стан­ның ха­лықаралық байланыс­та­ғы ұстанымын насихаттап, жаһан­дық саяси оқиғаларға қатысты сал­мақты талдау жасап келеді. 27 жыл бұрын шыққан «Түр­кістан» га­зе­тінен танымал тұлға­лар­дың мақа­ла­ла­рын кездестіреміз. Атап айтар болсақ, академик Р.Бердібаевтың, абайтанудың негізін қа­­лаған ғалым Қайым Мұхамед­хан­ұлы, мем­лекет қайраткерлері, эт­ног­раф Ө.Жәні­беков, филология ғы­лым­дарының док­торы, про­фес­сор М.Жол­дасбеков, тарихшы ға­лым Қ.Салғараұлы, Ұлттық архео­ло­гия мек­тебінің негізін қалаушы ғалым Ә.Марғұ­лан, сондай-ақ Т.Дайрабай, Д.Әшімханұлы, Қ.Исабай сынды публицистердің мақалалары жа­рық көріп тұрған. 28 қаңтар күні Ұлттық акаде­миялық кітап­­ханада газеттің таң­дамалы топта­ма­сы­ның тұсаукесері өтті. Мерзімді бас­пасөз тари­хында таңдамалы топтама шы­ғару – бұрын­нан бар дәстүр. Алайда «Түр­кістан» газетінің жинағында мем­ле­кеттік тіл, дін, діл, тарих, әдет-ғұрып, салт-сана, көрнекті тұл­ға­лар, түркі ха­лықтары арасындағы бай­л­аныс м­ә­селе­лерін көтерген таңдаулы ма­қалалар берілген. Ол ма­қалалардың автор­лары ба­сылым­ның алғашқы нөмірі­нен ара­ласқан танымал тұлғалар мен ре­дак­ция­да қызмет еткен журналистер. Біздің айтпағымыз, халық­аралық «Түркістан» газетінің өзін­дік ба­ғыт-бағ­дары мен бет-бей­несі айқын. Газет ұлт­тық мәселеден бастап жаһандық саяси оқи­ғаларға дейін сараптама жасайды. Ба­сы­лым тари­хында Қ.Мұхамеджанов, Ш.Пәт­теевтің, одан кейін екі жылға жуық га­зетке жетекшілік жасаған Ж.Шаға­тайдың бас­шылық қолта­ң­басы мен игі бастамалары ай­қын кө­рініс тапқан. Аға буынның ама­натын бүгінгі оқырманына жеткізу міндетін абы­ройымен атқарып ке­ле жат­қан бас ре­дак­тор Қуат Әуесбай дәс­­түр сабақтастығын сақ­тай оты­рып, қо­ғамдағы өзекті мәсе­ле­лерді өткір тал­дау, шетелдегі қандастар, ха­­лықаралық саяс­и оқиғалар, ай­мақ­тық қақ­тығыстарға тия­нақты тал­дау жасап ке­ле­ді. Газеттің он­­лайн нұсқасы мен цифрлық мұра­ға­тын қалыптастыру жұмысы жол­ға қойыл­ған. Басылымның соңғы жыл­дар­да­ғы ең басты жетістігі – та­қырыптық жә­не жанрлық түрлен­діруге, сәтті ди­зайнға мән беруі дер едік. Кез келген басылым­ның ауди­торияға өтімділігі соның сыртқы ди­зай­нына тікелей байланысты. Бұл туралы қазақ журналис­тика­сындағы редакторлық ше­берлігімен есте қалған Сейдахмет Бер­діқұ­лов­тың «Макет – га­зеттің киімі, ал қо­лыңа іліккен кез кел­ген киімді тал­­ғам­сыз үстіңе жапсыра салмай­сың ғой. Демек, газет безендіру де – үл­кен өнер. Орнымен қолда­ныл­ған түймедей шт­рих, оймақтай деталь­дің ойнап кете­тінін әрдайым ескерген жөн. Жазғаның жарқырап шықсын, оқушысын адаспай тапсын десең, макетке мән бер. Ол – айнаң...»  деген пікірі бүгінгі бас редактор­дың негізгі ұстанымына айналған. «Түр­кіс­тан» газетінің дизайн жасаудағы озық идея­ларын оқырман да жоғары бағалап отыр. Оның дәлелі газетке жазылушылар саны мен ресми сайттағы күнделікті қара­лымның 15-20 мыңға жетуі дер едік. Газеттің бастамасымен 1994 жыл­дан бері түркітілдес ха­лық­тар ту­ралы ма­қалалар жарияла­нып келеді. Мә­селен, Ә.Жұ­мабай­дың «Жібек елі – тұт елі», Б.Ай­сы­нов­тың «Түркі және Түр­кі­стан», Ка­тане Веро­ның «Ғағауыздар», К.Мұ­­саұлы­ның «Қарашай мен бал­қарлар» мақа­ла­ларында оқыр­манға тіпті ғылы­ми ізденістерге азық бо­ларлық та­ным­дық деректер молынан кез­де­седі. «Түркістан» газетіндегі түркі тіл­дес ха­­лықтар тарихына қатысты жазылған ака­­демик Р.Бердібайдың «Саха деген ха­лық бар» атты мақа­ласында Азия құр­лы­ғының сол­түстік-шығыс аймағындағы Яку­­тия­ның әде­биеті, тілі мен мә­дениеті туралы ой өр­бітеді. Ака­демик «бү­гінгі якут әдебиеті өске­лең, жетілген әде­биет­тер қатарында. Якутия жа­зу­шыларының құрамы қомақты. Бұл әде­биетте қазақ оқушысын қы­­зықтырар шы­ғар­малар бар­шы-лық», – деп пікір біл­діреді. Ғалым Р.Бердібайдың «Қара­қал­пақ хал­қын таңығыңыз келсе... әуелі оның ауыз әдебиетіне зер салып, ой жү­гір­­тіңіз» атты мақа­ласы жарияланған. Он­да қа­рақал­пақтың 20 томдық фольк­лор шы­ғар­маларына талдау жасалған. Ав­тор: «Қа­лақалпақ пен қазақтың тегі мен тағдыры ғана емес, күллі ақын­дық, шешендік өнер жүйе­сі, тілдік өлең кес­тесі, теңеме, бала­ма­лары, ой толғамдары, шалқыған биік поэ­тикалық мәдениеті егіз екенін» ай­тыс мә­тін­дерін салыстыра отырып дәлелдейді. Тағы бір айта кетерлігі – шет­елдегі қан­дастар туралы ақ­парат беру ба­­сы­лымның берік ұстанымына айнал­ған. Қа­зіргі таң­да әлемнің әр түкпіріндегі ал­пауыт компаниялар мен жауапты қыз­мет­терде жүрген қазақ жастары туралы мақа­ла­лар жазу жақсы дәстүрге ай­налып келеді. Мә­селен, Кембридж универси­теті­нің док­торанты әрі оқытушысы Диана Құдай­бергенова, Huawei компаниясында жұ­мыс іс­тей­тін Дастан Жәнібек, халық­ара­­лық ар­бит­раж сотының судьясы Гүлнұр Нұр­кеева, Канада үкіметінің сыртқы істер ми­нистрлігінің сауда жө­ніндегі кеңесші қыз­метін атқа­ратын Нұргүл, Германияның Мюн­хен қаласында тұратын өнерпаз, «Құ­лагер» пьесасын қойған Гүзел Жа­мықан, сон­дай-ақ кик­боксинг­тен әлем чемпионы Ясемин Қара­­ба­зар, бокстан Иран ұлттық құра­­ма­сының мүшесі Абдулхаким Бек­тұр, әлем­нің 35 елінде 85 кеңсесі, 56 мың қыз­мет­кері бар Facebook компаниясында істей­тін Арғынбек Ше­гебай, Испания астанасы Мад­ридте орналасқан Amazon компа­ния­­сының кеңсесінің бағдарлама жасақ­тау­шысы Дара Түменбаева және т.б. Аталған қандастардың өмір жолы мен жетістіктері бү­гін­гі қазақ жас­тары­ның тұлғалық же­тілуіне үлкен септігін тигізері сөз­сіз. Ұлттық журналистика тари­хында ға­на емес, ел шежіре­сін­де есімі ерек­­ше аталатын тұлға Балғабек Қыдыр­бекұлы «Социа­лис­тік Қазақстанға» ре­дактор болған тұс­­та «Газетті макет емес, мазмұн оқы­­­тады» деп, басылымның маз­мұ­нын сал­мақ­ты етуге барынша күш салған екен. Ме­диаменеджмент – шы­ғармашылық ұжым­ды басқару ғана емес, өнімді өтімді етудің, тұ­рақ­ты аудито­рияны қалыптастыру және әрбір қыз­меткердің дамуын­дағы ізденістер мен озық идеяларды жүзеге асы­ратын сала. Ақпараттық нарықтағы ме­­­диа­менедж­ментті зерттеумен бірге сол салада өзін­дік тәжірибесін енгізіп жүрген бас ре­­дак­­тор Қуат Әуесбай басылымның мазмұ­ны­на ерекше мән беретінін бай­қаймыз. Осы орайда өзіміз бай­қаған мәселелерді атап өткеніміз жөн. Біріншіден, газеттің тал­дама­лы журналистикаға бет бұрғаны көңіл қуантады. Әсіресе, халықара­лық сая­си қатынастар, аймақтық қақтығыс проб­лемалары туралы сараптамалық материал­дарды көп­шілік қызыға оқиды деп ойлай­мыз. Мәселен, Әсел Әнуарбектің «Әлемді алаң­датқан ахуал» атты тақы­рып­пен АҚШ пен Иран арасындағы қақ­тығыс, Анар Ле­песованың «Әбігер әлем» атты шолуында ал­пауыт­тар арасындағы арпалыс, сая­си журналист Назгүл Кенже­тай­дың «Таулы Қа­рабақ: тамыры терең текетірес» атты ма­қалалар мен шолуларда журналистік по­зиция айқын көрінеді. Екіншіден, газеттің жастар сая­сатына ерекше мән беріп, жас­тар мәселесін жүйелі жазуға ден қойғанын байқаймыз. Мұн­дай материалдарды кешегі өткен мәс­лихат және Мәжіліс депутаттарын сайлау ке­зіндегі басылым нөмірлерінен кездес­тіруге болады. Сол­ардың ішінде ерекше атап өтуге лайықты Ділда Уәлибектің «По­пулизм – жастарды ұшпаққа шы­ғара­тын жол емес», «Қоғам нені қас­тар тұтса, құн­ды­лық сол», «Қо­ғам­­ға өз пікірі жоқтар қауіпті» атты ма­териалдарда жастардың қоғам­дағы рөлі мен қызметіне бай­ланыс­ты тиянақты тал­дау жасалады. Сон­дай-ақ соңғы кез­дері жиі қай­таланатын жалған ақпарат­пен кү­ресу, медиасауаттылық мәселесін де оқыр­ман­ға нақты мысалдар ар­қылы жеткізген. Үшіншіден, газет қандастар мә­селесін алғашқы күннен бастап көтеріп ке­ле­ді. Бұл орайда жоғарыда бірқатар мы­сал­дарды келтірдік. Ең бас­тысы – қандастар мә­селесі бүгінгі күні жаңа сипатта өрбігенін байқаймыз. Отандық журналистиканың әлеуетін арттыруда халық­аралық дең­гейдегі мәсе­лелерге ара­ласу, алыс-жақын мемле­кет­тер­ге танымал ету – бү­гінгі медиаме­нед­жер­лер­дің басты мақ­саты. Ұлттық журналис­тика тарихында көрші елдерге газет-журнал таратқан қай­раткерлер аз емес. Сон­дықтан да газет ұжымының алдында таралу ауқы­мын кеңейтуді белсенді ұйым­дас­тыру міндеті тұр. Бұл міндетті абы­рой­мен атқаруға шы­ғар­ма­шы­лық ұжымның мүмкіндігі жетеді деген сенімдеміз. Бір сөзбен айтқанда, «Түр­кі­стан» жет­кен табыстар мұ­ны­мен шектеліп қалмақ емес. Ба­сылым сапалы журналис­ти­каның ал­­дыңғы шебінде келеді. Сондықтан да газет ұжымына толағай табыс ті­лейміз.