Аралас жекпе-жек шебері мұзды ойыққа секіремін деп басын жарақаттап алды (видео)

UFC лигасында өнер көрсететін грузиялық аралас жекпе-жек шебері Мераб Двалишвили мұз ойығына секіремін деп басын жарақаттап алды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Таңғы уақытта жүгіруге шыққан Мераб суға түскісі келіп, мұз ойығына секірген. Алайда судың қатып қалғанын байқамаған. Осылайша, қатты жарақат алған ол ауруханаға барып, басын тіктіруге мәжбүр болды.

«Бүгін саябақта жаттығу және жүгіру үшін қолайлы күн деп ойладым. Жолай ойықты көріп қалдым, ойық ішіндегіні су деп ойласам, мұз бен бұтақтар екен. Ойыққа секіргенімде, басыма зақым келгенін сездім. Басымды тіккен кезде тіптен қатты ауырды. Қазір жағдайым бірқалыпты, өзімді жақсы сезінемін», – дейді спортшы.

Back to top button