Қырғызстанда Премьер-Министр қызметі таратылады

Қырғызстанда Премьер-Министр қызметі таратылады

Қырғызстанда Премьер-Министр қызметі таратылады
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл туралы өзінің Telegram арнасында жазды, – деп хабарлады Кабар агенттігі. Ол сондай-ақ бір-бірінің қызметін қайталайтын министрліктердің таратылатынын мәлімдеді. Қырғызстан басшысы бұл оқиғаға дейін кем дегенде 6 ай бар екенін, ал оған дейін үкіметтің жұмыс істей беретінін жазды. «Осы уақытта жаңа Конституция мен жаңа заңдар қабылданады. Жаңа Конституцияны қабылдау аясында жаңа реформалар, өзгерістер болады, тек заң негізінде тексерілген жаңа кәсіби кадрлар ғана келеді», – деді ол. Садыр Жапаров аталған міндеттерді іске асыруға уақыт қажет екенін айтты.