Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне халықаралық іздеу жарияланды
Қаржылық мониторинг агенттігі олардың «Tengri Bank» АҚ бұрынғы басшылығының ісі бойынша іздестіріліп жатқанын хабарлады.
Агенттік мәліметінше, халықаралық іздеу жарияланған «Tengri Bank» АҚ экс-қызметкерлері:
- Tengri Bank АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Бақытов Алмас Бақытұлы, 1977 жылы туған.
- оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Рахметова (Байжанова) Тоғжан Тілеужановна, 1991 жылы туған.
Оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Tengri Bank-тің іздеудегі экс-менеджерлері туралы ақпарат білетіндер 8 (7172) 708-478 немесе 8 777 111 93 77 телефондарына қоңырау шалуға болады.
Tengri Bank экс-менеджерлері 5,4 миллиард теңге ұрлады деген күдікке ілінген.
Еске салайық, Tengri Bank 2020 жылғы қыркүйекте лицензиясынан айырылған болатын.