Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы бәйге жариялады

Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы бәйге жариялады

Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы бәйге жариялады
ашық дереккөзі
Қазақстан әйелдері күштерінің альянсы Мира Мұстафина атындағы журналистер арасындағы қоғамдық сыйлыққа қатысу үшін өтініштер қабылдай бастады. 2021 жылы 3 ақпаннан 2021 жылы 3 наурыз аралығында журналистер арасында Мира Мұстафина атындағы сыйлыққа конкурс өтеді. Байқауға Қазақстандағы әйелдер жайлы өзекті мәселелерді, өмір сүру сапасын, сондай-ақ отбасылық-гендерлік саясаттын жақсартуға белсене араласып жүрген  журналистер қатыса алады. Материалды қазақ және орыс тілінде өткізуге болады. Сыйлық үздік журналистерді және берілген тақырып бойынша үздік журналистік жұмысты, сондай-ақ Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға барынша үлес қосып жүрген БАҚ-ты анықтауға мүмкіндік береді. Мира Мұстафина - қазақстандық әйелдердің өмір сүру сапасы мен әлеуметтік рөлін арттыру, гендерлік теңдік, отбасылық проблемалар мәселелерін жариялауға үлкен үлес қосқан белгілі журналист. Байқауға мынадай номинациялар бойынша өтініш беруге болады: · «Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдердің мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін» · «Мира Мұстафина сыйлығы: Қазақстандағы әйелдер денсаулығын сақтауға қосқан үлесі үшін» · «2021 жылғы үздік БАҚ: Қазақстанда отбасылық-гендерлік саясатты жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» Сыйлықтың қазылар алқасы бас редакторлар, беделді журналистер, Қазақстан әйелдер күштері Альянсының мүшелері және әйелдер құқығы мен гендерлік теңдік саласында жұмыс істейтін басқа да ҮЕҰ мүшелерінен құрылған. Қазылар алқасының құрамы: · Қазақстан әйелдер күштері Альянсының төрайымы-Раушан Сәрсембаева · "Айқын" газетінің бас редакторы - Нұрмұхамед Байғараев · "Литер" газетінің бас редакторы - Нұрай Оразов · 7 арнаның атқарушы директоры - Бақыт Әлпейісова · "Bigname" бедел менеджменті агенттігінің басшысы-Азиза Шужеева · Бионорика компаниясының гинекологиялық портфелінің менеджері, Мира Мұстафинаның қызы - Диана Мұстафина · Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазОРҒЗИ маммологиялық орталығының жетекшісі - Әлия Абдрахманова · Internews медиа-кеңесшісі - Ольга Каплина · Global PR агенттігінің директоры - Айгүл Ешмағамбетова Конкурсқа қатысу үшін автор alliancekz2021@gmail.com электронды поштасына толық аты-жөні көрсетілген ақпарат жіберуі керек; жұмыс және ұялы телефондары, электрондық пошта мекен-жайы, баспа немесе электронды ақпарат құралдарының атауы, теледидар немесе радио, сіздің жарияланымыңыздың атауы, материалдың шыққан күндері, редакцияның байланыс номері, сондай-ақ басылымға немесе бейнеге сілтеме қойылу керек. Байқау қорытындысы 2021 жылы 5 наурызда шығарылады. Қорытынды шығару және марапаттау орны, уақыты жақындағанда жарияланады. Толығырақ ақпаратты Facebook-тегі Альянстың ресми парақшасынан білуге, қосымша сұрақтар бойынша жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін 77016210036 нөміріне хабарласуға болады.