Жұқпалы аурулар ауруханасы өртеніп, төрт адам көз жұмды
Жұқпалы аурулар ауруханасы өртеніп, төрт адам көз жұмды
Украинаның Запорожье облысындағы жұқпалы аурулар ауруханасында өрт болды. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті. Бұл туралы республиканың Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі сайтында хабарланды.
Өрт 3 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:25-те бес қабатты емдеу ғимаратының бірінші қабатында басталған. Облыстық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы Запорожье қаласында Гвардейский бульвары, 142 мекен-жайы бойынша орналасқан.
Құтқарушылар сегіз адамды құтқарды. Шамамен бір сағаттан соң өрт 60 адам мен 16 бірлік техниканың күшімен тоқталылды.