Ел тұрғындары наурызда қанша күн демалады?

Ел тұрғындары наурызда қанша күн демалады?

Ел тұрғындары наурызда қанша күн демалады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда алдағы наурыз айында екі бірдей мереке атап өтіледі. Көктемнің алғашқы аптасына түсіп тұрған мереке-8-наурыз Халықаралық әйелдер күні. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар қатарынан үш күн ( 6, 7, 8 наурыз) демалады. Ал Наурыз мерекесі кезінде қазақстандықтарға 5 демалыс күні беріледі. Яғни, сенбі 20 наурыздан бастап сәрсенбі 24 наурызға дейін. Наурыз мерекесінде берілетін ресми үш демалыс күннің бір күні (21 наурыз) жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні сәрсенбіге яғни 24 наурызға ауыстырлады. Осылайша, Қазақстан халқы наурыз айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.