Ер адамды белгісіз біреу соққыға жығып, енесінің сәлемін жеткізді

Ер адамды белгісіз біреу соққыға жығып, енесінің сәлемін жеткізді

Ер адамды белгісіз біреу соққыға жығып, енесінің сәлемін жеткізді
ашық дереккөзі
Ресейде Оңтүстік Сахалин тұрғынын белгісіз біреу аясыз соққыға жығып, енесінің сәлемін жеткізген, деп хабарлайды ASTV.  Басылымның мәліметінше, ер адам сүйіктісімен бірге оқу мәселесі бойынша құжаттарын реттеу үшін Оңтүстік Сахалинге ұшып келген. Әуежайда оларға танысы жолығып, жанжалдасып қалған. Алайда жанжал бейбіт шешілген. Құрбыларының үйіне барған жұп таксиден заттарын түсіріп жатқанда, белгісіз азамат тап беріп, ер дамды жұдырықтың астына алған. Жәбір көрсетуші қашып бара жатып "енеңнен сәлем" деп айқайлапты. Жәбірленуші қай енесі туралы сөз болғанын білмейді, өйткені оның ешқандай енесі жоқ. Ер адам полицияға жүгінді, тәртіп сақшылары әуежайда болған оқиғаның кейінірек болған жағдайға ешқандай қатысы жоқ екенін анықтады.