Жаңалықтар

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

ашық дереккөзі

ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан жедел жәрдем қызметкерлері көз жұмды. Жедел жәрдем жүргізушісі Семей ауруханасына жеткізілді. ШҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, оқиға 2021 жылдың 3 ақпанында сағат 19.25 шамасында болғанын хабарлады. "Өскемен қаласынан Семейге бет алған Schmitz тіркемесі бар DAF маркалы жүк автомобилінің 29 жастағы жүргізушісі Өскемен-Семей тас жолының 140/58-шақырымында қолайсыз ауа райы салдарынан рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, ГАЗ-A31R23 жедел медициналық жәрдем автомобилімен соқтығысқан",-деп хабарлады полициядан.