Коронавирус кейбір адамдарға неге жұқпайды – ғалым үш себебін атады

Коронавирус кейбір адамдарға неге жұқпайды – ғалым үш себебін атады

Коронавирус кейбір адамдарға неге жұқпайды – ғалым үш себебін атады
ашық дереккөзі

Кейбір адамдар COVID-19-бен ауырмауы мүмкін, өйткені олар коронавирустың басқа түрімен ауырған немесе жуырда вирустық инфекциямен күрескен, я болмаса, жергілікті иммунитетке ие.

Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей халықтар достығы университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенский айтты.

Оның айтуынша, антиденелер дененің ауру қоздырғышымен кездескенін көрсететін маркер болып табылады. Бұл ретте адамдардың бір бөлігі ауруларға, мысалы, АИТВ-ға бейім емес.

"Коронавирустық инфекциямен жағдайында мұндай адамдың қатары көп. Олардың қандай себеппен індет жұқтырмайтыны туралы нақты қорытынды жасау – бұл ғылыми пікірталас кезеңінде", - деді Вознесенский.

Оның айтуынша, нұсқалардың бірі – басқа коронавирустармен ауыру, яғни кросс-иммунитеттің болуы. Екінші болжам – коронавируспен кездесуден бұрын, адам вирустық инфекцияны бастан кешірді, содан кейін оның интерферондар деңгейі көтерілді. Егер олардың саны көп болса, онда вирустық инфекцияларға сезімталдық төмендейді.

Үшінші нұсқа – вирустың тыныс алу шырышты қабаты деңгейінде енуіне жол бермейтін иммунитеттердің, иммундық кешендердің жергілікті элементтері болуы мүмкін. Сарапшының пікірінше, нақты қандай механизмдер жұмыс істейтіні әлі талас тудыратын мәселе.