Жасотандықтар жалғызбасты қарияларға шаруаға көмектесті

Жасотандықтар жалғызбасты қарияларға шаруаға көмектесті

Жасотандықтар жалғызбасты қарияларға шаруаға көмектесті
ашық дереккөзі

«Jas Otan» жастар қанатының белсенділері жалғызбасты зейнеткерлердің үй аумағын қардан тазалауға көмектесті.

Оқу кестесінің тығыздығына қарамастан, жастар игі іс жасауға уақыт табады. Көмекке келген жасотандықтарды зейнеткер Шарбубі Қуанышбаева қуана қарсы алды.

Әжейдің жиналған қарды өз ауласынан уақытында тазартуға қауқары жоқ. Оның үстіне, жиналған қар көктемде күн сәулесінен еріп, ауырлап, шатырды сындырып жібереді. Сондықтан, қарды шатырдан тазалайтында да уақыт келді.

 width=

Қарияларға 50 ерікті көмекке келді. Шарбубі әжей қолғабыс етуге келген еріктілердің талабына ризашылық білдірді. Жұмыс барысында бақшадағы,  сарайдан моншаға дейін жүретін жол ашылып,үйдің ауласы мен шатыры қардан тазаланды

Жасотандықтар тағы бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барып, шаруа ісіне көмектесті.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында зейнеткерлерге жыл сайынғы негізде үй шаруасына ғана емес, әлеуметтік және басқа да мәселелер бойынша қарайласып тұрады.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары қатаң сақталды.