Жаңалықтар

Бекшиннің вакцина алғаннан кейінгі жағдайы белгілі болды

ашық дереккөзі

Бекшиннің вакцина алғаннан кейінгі жағдайы белгілі болды

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын алған еді. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров та екпе салғызды. Олардың вакцинадан кейінгі жағдайы белгілі болды. Жандарбек Бекшиннің хал-жағдайы туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. "Жандарбек Бекшин өзін жақсы сезінетінін айтып, ел азаматтарын вакцина алуға шақырды. Вакцина алған күні мен 22.00-ге дейін жұмыс істедім. Екпеден соң шағымдар мен күтпеген құбылыстар болған жоқ", - деп түсіндірді департамент. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Ержан Бабақұмаров та өзін жақсы сезінетінін хабарлады. "Ержан Бабақұмаров жұмыс орнында, денсаулығы қалыпты", - деп атап өтті әкімдік. Естеріңізге сала кетейік, Жандарбек Бекшин мен Ержан Бабақұмаров 1 ақпанда коронавирусқа қарсы екпе алған болатын.