«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты

«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты

«Спутник V» вакцинасы Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты
ашық дереккөзі

Бірқатар шенеунікке, сондай-ақ көптеген дәрігерге коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынды, бірақ вакцина Қазақстанда әлі тіркелмеген болып шықты.

Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы тіркелмегені туралы ақпаратты Денсаулық сақтау вице-министрі – елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов растады.

«Қарастырылып жатыр. 22 мың дозадан тұратын вакцинаның бірінші партиясы заңға сәйкес бір рет әкелінген. Сонымен қатар, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде вакцинаның алты мың дозадан тұратын партиясы шығарылғанын білесіздер. Партия тиімділігі мен қауіпсіздігін растау үшін Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығына жіберілді. Бұл партияны институт мақұлдады және жоғары тиімділік пен қауіпсіздігін көрсетті», – деді Қиясов.

Қазақстанда «Спутник V» екпесін салу вакцина тіркелгенге дейін басталған болатын.

«Вакцинация алдында Денсаулық сақтау министрлігі препараттың клиникалық сынақтан өтуі туралы барлық деректі сұрады, барлық есепті алдық, Ұлттық дәрі-дәрмектер сараптау орталығында сараптама жүргізілді және осы препаратты бір рет елге әкелуге рұқсат берілді», – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Е.Қиясов вакцинаны Қазақстанда тіркеу жақын арада жоспарланып отырғанын айтты.