Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Қырғызстан премьер-министрі болды

3 ақпан, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Қырғызстан премьер-министрі болды Қырғызстан Жогорку Кенеші (парламенті) үкіметтің жаңа құрамы мен құрылымын бекітті. Экс-президент Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Улукбек Марипов Қырғызстан премьер-министрі болды, – деп жазды АКИPress. 3 ақпанда Жогорку Кенештің депутаттары премьер-министр қызметіне ұсынылған 41 жастағы Улукбек Мариповтің кандидатурасын мақұлдады. Бұған дейін ол Қырғызстан Қаржы министрлігінде, Президент кеңсесінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Үкімет кеңсесінде түрлі қызметтерде жұмыс істеген және экс-президент Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі болған.
Сондай-ақ, үкіметтің құрылымы мен құрамы да бекітілді.