Онлайн жұдырықтасу: Головкин, Сондерс, Джейкобс

Онлайн жұдырықтасу: Головкин, Сондерс, Джейкобс

Онлайн жұдырықтасу: Головкин, Сондерс, Джейкобс
ашық дереккөзі
Әлемді аузына қаратқан кәсіпқой боксшілер қазақстандық Геннадий Головкин, америкалық Дэниэл Джейкобс пен ұлыбританиялық Джо Сондерс әлеуметтік желілерде дауласуда, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық боксшының Брукпен өткен кездесуінен кейін олардың арасында жанжал болғаны айтылады. Айта кетейік, Головкин - Келл Брук кездесуі қыркүйектің 10-нан 11-не қараған түні өткен болатын. Жекпе-жек аяқталған соң Джейкобс өзінің Twitter желісіндегі парақшасында қазақстандық боксшыны кездесуге шақырып, былай деп жазған еді: "Мен бұл туралы осыған дейін де айтқанмын. Бүгін тағы да қайталап айтамын. Енді менің кезегім". Ал бұл жазбаға жауап ретінде Головкин бүгін, 15 қыркүйекте Twitter желісінде былай деп жауап берді:  @DanielJacobsTKO Then you should already start practising, and while you are dancing, do not forget to practise signing contracts #GGGJacobs - "Саған дайындалатын әрі жаттығатын уақыт келді. Келіссөздерге де қол қоюға жаттығуды ұмытпа" делінген. Осыдан кейін олардың диалогтарына Сондерс араласады. @GGGBoxing @DanielJacobsTKO is a pussy I have my pen in my hand waiting #allOfTheBelts #ImReady you rat. "Джейкобс қорқақ. #Белбеуді күтемін. Мен дайынмын, қорқақтар", - деп жазды ұлыбританиялық боксшы. Айта кетейік, Сондерс осыған дейін Головкинға Борат жайлы айтып, намысына тиген болатын. Қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Головкин осымен 36 кездесуіндегі 36-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал Брук болса кәсіпқой бокста бірінші рет жеңіліске ұшырады. Десе де ұлыбританиялық боксер денсаулығы қалпына келген соң, Головкинмен қайта жұдырықтасуға әзер екенін айтқан еді.