«Jas Otan» қайырымдылық шараларын жалғастыруда: түркістандық жастар донор болды
«Jas Otan» қайырымдылық шараларын жалғастыруда: түркістандық жастар донор болды
«Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының өрендері игі іс атқарды. Жалынды жастар Түркістан қаласындағы «Қан орталығына» барып, «Мен – донормын!» акциясы аясында қан тапсырды.
Жастар алдымен қан қысымы, қант мөлшері және оның компоненттері, гемоглобин көрсеткіштері бойынша толық тексеруден өтті.
Акцияға 20 жас қатысып, қан тапсырды. Жыл сайын дәстүрге айналған іс-шара аясында қан тапсыруға ниетті жандар саны көбейіп, оң көзқарас қалыптасып келеді. Бұл да отаншылдықтың, мейірбандықтың белгісі.