COVID-19: Қазақстан әлемдік рейтингте 109 орында тұр

COVID-19: Қазақстан әлемдік рейтингте 109 орында тұр

COVID-19: Қазақстан әлемдік рейтингте 109 орында тұр
ашық дереккөзі
Қазақстан COVID-19 бойынша жалпы әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты. «Еуропа мен Азияның кейбір елдерінде коронавирус инфекциясының өсімі бұрынғыдай жалғасып отыр. Бүгінгі күні әлемнің 221 елінде 104 375 866 жағдайы тіркелген. Аурудың өсімі 0,4-ті құрайды. 2 262 093 адам қайтыс болды. Өлім көрсеткіші 2,2 пайызды құрап отыр. COVID-19 бойынша жалпы әлемдік рейтингте 221 елдің ішінде 109 орында тұр», – деді вице-министр. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің дерегінше, Қазақстанда 3 ақпандағы жағдай бойынша COVID-19-дың оң нәтижесімен – 190 359 және КВИ- жағдайымен 48 005 науқас тіркелген. «Соңғы тәулікте «КВИ+»-тің 1 228, ал «КВИ-»-тің 107 жағдайы тіркелді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы «сары» аймақта тұр», – деді Ерлан Қиясов.