Нұржан Қуантайұлы бас редактор қызметіне тағайындалды

Нұржан Қуантайұлы бас редактор қызметіне тағайындалды

Нұржан Қуантайұлы бас редактор қызметіне тағайындалды
ашық дереккөзі
«Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты TENGE MONITOR  республикалық экономикалық апталығына  журналист, жазушы Нұржан Қуантайұлы бас редактор болып тағайындалды. Нұржан Қуантайұлы 1971 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Үлгілі ауылында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. 1993-1994 жылдары Қазақ радиосында аға редактор, шолушы, 1995-1996 жылдары Қазақстан журналистер одағына қарасты Журналистерді қолдау қорының вице-президенті. 1996-2000 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетінде аға оқытушы, доцент, 2000-2002 жылдары республикалық «Жас Алаш» газетінің шолушысы. 2002-2004 жылдары «Қазақ университеті» газетінің Бас редакторы, 2004-2005 жылдары «Айқын» газетінің саяси шолушысы, 2005-2009 жылдары «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары болып қызмет еткен. 2009 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс ақпарат» медиа орталығының директоры. 2000 жылы «Жүсіпбек Аймауытовтың көсемсөз мұрасы» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2001 жылы «Қаламгер» баспасынан «Адырна» атты өлеңдер кітабы жарыққа шықты. «Қолшатыр», «Қараөзек», «Күмбір» кітаптарының авторы. Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты. 2013 жылдан ҚР Журналистер академиясының академигі.