Алматы қаласы толығымен цифрлық телевизияға көшті
Алматы қаласы толығымен цифрлық телевизияға көшті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев цифрлық эфирлік телевизияға көшіру жобасының аяқталғанын мәлімдеді.
Қала әкімі Instagram-дағы парақшасында цифрландырудың жаңа кезеңінің бастау алуымен аналогтық хабар таратудың тарих қойнауына енетінін атап өтті.
«Жобаны кезең-кезеңмен іске асыру кезінде Алматы мен облыстағы 90 цифрлық радиотелевизиялық станса пайдалануға берілді. Бұл – 3,8 миллионнан астам тұрғыны бар 736 елді-мекенді цифрлық эфирлік телехабар тарату жүйесімен қамтуға мүмкіндік ашты», – деп жазды Б.Сағынтаев.