Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адамнан коронавирус анықталды
Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адамнан коронавирус анықталды
Қарағанды өңіріндегі Шахан ауылының қарттар мен мүгедектер үйінде 96 адам коронавирус жұқтырды, – деп хабарлады облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.
«Шахан ауылының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде 96 адамнан ПТР-зерттеу нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясы анықталды, оның ішінде 70-і қамқорлықтағы адам, 26-сы осы мекеменің қызметкері. Барлық науқас ауруханаға жатқызылды, ал байланыста болғандар оқшауланды, олар медициналық бақылауда. Жағдайы ауыр науқастар жоқ», – делінген ведомство таратқан мәліметте.
Пансионатта барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді. Санитар дәрігерлер эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы қарттар үйінде коронавирус ошағы анықталғаны белгілі болды.