«Кедейлікпен күрес»: депутат әр отбасыға 20 сотық жер беруді ұсынды

«Кедейлікпен күрес»: депутат әр отбасыға 20 сотық жер беруді ұсынды

«Кедейлікпен күрес»: депутат әр отбасыға 20 сотық жер беруді ұсынды
ашық дереккөзі

Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін бөлу бойынша сауал жолдады. «Қазақстан Халық партиясының бағдарламасына әрбір қазақстандық отбасыға үй салу және шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер беру туралы тармақ енгізілді. Бастама қазақстандықтар арасында қызығушылық пен қолдау тудырды. Ұсыныс Халық партиясының бағдарламасына кездейсоқ енгізілген жоқ және бұл әдемі уәделерді жинаудың техникалық қадамы да емес. Бұл ҚХП-ның жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және тіпті идеологиялық күн тәртібінің жүйе құраушы пункті. Ол біз басымдық беріп отырған қоғамның көзқарасынан туындап отыр», – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында. Оның айтуынша, молшылықтың тағы бір маңызды критерийі – лайықты баспана, өз жерінде үй салу мүмкіндігінің болуы. Бұл отбасылық және әлеуметтік материалдық әл-ауқаттың негізі. «Елімізде тұрғын үй бағдарламалары көп қабылданды, қомақты қаражат бөлінуде. Бірақ мәселе мынада – орта отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мақсаттар қойылмайды. Үйлер салынып жатыр, дегенмен халықтың көп бөлігінің тұрғын үй жағдайы жақсарып жатқан жоқ. Қазақстан Халық партиясы Үкіметті әркімнің өз үйін салуына жағдай жасауға шақырады. Жер учаскелерін беру маңызды, өмірлік міндет, ол жеке бағдарламаға немесе ұлттық жобаға лайық. 20 сотық жер бөлуді кедейлікпен күрес және Қазақстанда ауқатты қоғам құру міндеттерін шешудің жолы ретінде қарау керек», – деді А.Қоңыров. Депутаттық сауалда 20 сотық жер беру аса бір шығынды емес екендігі атап өтілген. Дұрыс көзқараспен қарағанда, оның прагматикалық экономикалық маңызы зор.