Бітпеген допинг дауы Рио чемпиондарын да шарпыды

Бітпеген допинг дауы Рио чемпиондарын да шарпыды

Бітпеген допинг дауы Рио чемпиондарын да шарпыды
ашық дереккөзі
Fancy Bear хакерлер тобы сынамасынан тыйым салынған заттар табылған Риодағы Олимпиада ойындарының қатысушыларының тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Тізім топтың сайтында 15 қыркүйекте пайда болды. Тізімде Рио ойындарының күміс жүлдегері атанған ресейлік боксшы Миша Алоян бар. Ол 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан болатын. Сайттағы құжаттарға сәйкес, 21 тамызда ресейлік боксшыдан алынған сынамадан тыйым салынған туаминогептан заты табылған. Миша Алояннан басқа мына спортшылар допингпен ұсталған: Бетани Маттек-Сандс (АҚШ, теннис), Бриттни Гринер (АҚШ, баскетбол), Джон Конгер (АҚШ, жүзу), Дагмара Возняк (АҚШ, семсерлеу), Дианна Прайс (АҚШ, жеңіл атлетика), Кейтилин Бейкер (АҚШ, жүзу), Маккуин Бэйрон (АҚШ, жүзу), Мишель Картер (АҚШ, жеңіл атлетика), Сэм Дорман (АҚШ, суға секіру), Тервел Длагнев (АҚШ, күрес), Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, велоспорт), Чарли Халл (Ұлыбритания, гольф), Кристофер Фрум (Ұлыбритания,, велоспорт), Хизер Фишер (Ұлыбритания,, регби-7), Сэм Таунсенд (Ұлыбритания, академиялық есу), Пернила Блум (Дания, жүзу), Наталья Мадай (Польша, академиялық есу) , Петра Квитова (Чехия, теннис), Роксана Когиану (Румыния, академиялық есу), Роберт Хартинг (Германия, жеңіл атлетика), Франциска Хентке (Германия, жүзу), Кристина Обергфелль (Германия, жеңіл атлетика), Кристиан фом Лен (Германия, жүзу), Кристиан Райхерт (Германия, марафон). Әзірге Рио олимпиадасы қатысушыларының келешегі туралы ештеңе айтылған жоқ.