Зейнетақы жинағын пайдаланып үй алған алғашқы қазақстандық өз тәжірибесімен бөлісті

Зейнетақы жинағын пайдаланып үй алған алғашқы қазақстандық өз тәжірибесімен бөлісті

Зейнетақы жинағын пайдаланып үй алған алғашқы қазақстандық өз тәжірибесімен бөлісті
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының тұрғыны бірінші болып біржолғы зейнетақы төлемін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы» банкінің баспасөз қызметі мәлімдеді. «Зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті», – дейді тұрғын. Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы «Отбасы» банкінен алуға шешім қабылдапты. «Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинағын қолдандым. Ипотеканы «Отбасы» банкіндегі аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады» , – дейді кейіпкер. Сатып алушы 3 жылдық жинаққа қол жеткізгеннен кейін заем бойынша пайыздық мөлшерлемесі 5  пайызға дейін төмендейтіні қуантты дейді. Салымшының айтуынша, несие бойынша мақұлдама жылдам берілген. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алып, несиені рәсімдеуге де көп уақыт жұмсалмаған екен.