Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген ресейлік "жындыханадан" бір-ақ шықты

Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген ресейлік "жындыханадан" бір-ақ шықты

Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген ресейлік "жындыханадан" бір-ақ шықты
ашық дереккөзі
Қазақстанға анасынан қалған мұра үшін келген Ресейдің Тула облысының тұрғыны психиатриялық ауруханадан табылды, деп хабарлайды Politic Павлодар облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. Ведомствоның хабарлауынша, 28 қаңтарда Павлодар қалалық полициясына қонақ үйлердің бірінің әкімшісі жүгінген. Оның айтуынша, олардың қонағы екі күн бұрын қонақ бөлмеден шығып, жоғалып кеткен. Ол телефон қоңырауларына жауап бермепті. Полицейлер желтоқсан айында қайтыс болған анасының пәтерін сату үшін Ресей азаматы Павлодарға келгенін анықтады. Пәтердің сатқаннан кейін, Тула тұрғыны ақшаны банкке салғаны белгілі болды. Іздеу нәтижесінде тәртіп сақшылары ер адамды облыстық Психикалық денсаулық орталығынан тапты. Ол онда ем қабылдап жатқан. Ресейліктің емдеу орталығына қалай тап болғаны жайлы хабарланған жоқ.