Карантин: Еуроодақ елдері шекараларын қымтай бастады

Карантин: Еуроодақ елдері шекараларын қымтай бастады

Карантин: Еуроодақ елдері шекараларын қымтай бастады
ашық дереккөзі
Еуроодақ елдеріне кіру ережелері қатаңдатылды, деп хабарлайды ВВС Енді ЕО аумағына аурудың минималды статистикасы бар және оңтүстікафрикалық, британдық немесе бразилиялық жаңа штамдарды жұқтыру жағдайлары жоқ мемлекеттердің тұрғындары ғана кіре алады. Ең төменгі статистика 14 күн ішінде 100 мың адамға шаққанда Covid-19-ның 25-тен аспайтын жағдайын білдіреді. Яғни, Еуропалық Одаққа кіру тек Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай, Руанда, Сингапур, Оңтүстік Корея және Таиланд сияқты шектеулі елдерден ғана мүмкін болады. Азаматтары Франция шекарасынан өту мүмкіндігіне ие мемлекеттер қатарынан Жапония шығып қалды. Ал тізімге Қытайды қосу Қытай билігінің Еуропа азаматтарын кедергісіз кіруге мүмкіндік беретіндігіне байланысты болмақ. Қосымша шекаралық шаралар әр елдің өз қалауына қарай күшіне енеді. Мәселен, Германияның ережелері ЕО-ның өзге елдеріне қарағанда қатаңырақ. Бельгия наурыз айына дейін екі бағытта да өз шекараларын кесіп өтуге тыйым салды. Ал Австрия, керісінше, карантиндік шектеулерді жеңілдете бастады.  Онда дүкендер, мұражайлар мен хайуанаттар бағы кезең-кезеңімен ашыла бастайды. Әр түрлі мекенжайларда тұратын адамдардың қайтадан кездесулеріне болады, бірақ әзірге бір уақытта екі отбасыдан аспайды.