COVID-19: Қазақстанның бір облысы "қызыл" аймақтан шықты

COVID-19: Қазақстанның бір облысы "қызыл" аймақтан шықты

COVID-19: Қазақстанның бір облысы "қызыл" аймақтан шықты
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 3 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 2 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұрған еді. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары. Бірақ бүгін Батыс Қазақстан облысы ол аймақтан шығып, «сары» аймаққа кірді. Осылайша, 3 ақпандағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 3 облыс қалды. Сонымен қатар кешегі матрица Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының «сары» аймақта орналасқанын көрсеткен. Алайда бүгін бұл қатарға «қызыл» аймақтан шыққан БҚО кірді. Яғни қазіргі уақытта «сары» аймақта 5 облыс пен 1 қала бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан әлі де «сары» аймақта тұр.