Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды

Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды

Талғар ауданы әкімінің ұсталғаны туралы ақпарат расталды
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешовтің пара алды деген күдікпен ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді. Алайда құзіретті органдар бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген болатын.  Zakon.kz порталының хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімнің ұсталғанын растаған. Талғар ауданы әкімі Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы орынбасарымен бірге ұсталғаны хабарланды. Шенеуніктер орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін мердігерлік ұйым директорынан 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген. "Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкіміне қатысты тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеп - тексерудің өзге де деректерін ҚІЖК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жариялауға болмайды", - делінген жауапта. Айта кетейік, Серікжан Ерекешов Талғар ауданы әкімі қызметіне өткен жылдың тамыз айында бұрынғы әкім қайтыс болған соң тағайындалған еді.