Дәрігер ми жұмысын жақсартатын өнімдерді атады

Дұрыс тамақтанбау мидың жұмысына әсер етеді, бұл көңіл-күйдің нашарлауына, жиі шаршауға әкеліп соғады. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін қандай өнімдер тұтыну керегін диетолог Елена Соломатина Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Маманның айтуынша, тағамның құрамында холиннің жеткілікті мөлшері болуы маңызды. Ол жұмыртқаның сарысында, қой еті, сондай-ақ сұлы мен түрлі-түсті қырыққабатта болады. В12 дәрумені мен темірге бай өнімдерді де жиі тұтыну қажет. Мұның бәрі мидың жұмысын ынталандырады деп түсіндірді дәрігер.

«Холин – ацетилхолиннің бастамашысы, ол жүйке импульсінің берілу жылдамдығын қамтамасыз етеді.  B12 дәрумені бар өнімдерді тұтыну маңызды. Ағзада оның мөлшері азайса, бастың айналуы, шаршаңқылық  пайда болады. Ми үнемі оттегі алуы үшін темірге бай өнімдер – бауыр, қызыл ет жеген абзал», – деді Соломатина.

Десе де, дәрігер аталған өнімдерді шамадан тыс тұтыну ағзаға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Мөлшерсіз тамақтану кезінде олардың құрамындағы токсиндер барлық пайдасын бейтараптандырады дейді диетолог.

Сондай-ақ, маман  тұтынылатын тәттілердің мөлшерін шектеп, көкөністер мен жемістерді көібрек жеуге шақырды.

Back to top button