Instagram-да жойылған жазбаларды қалпына келтіру функциясы пайда болды

Instagram-да жойылған жазбаларды қалпына келтіру функциясы пайда болды

Instagram-да жойылған жазбаларды қалпына келтіру функциясы пайда болды
ашық дереккөзі
Instagram әлеуметтік желісі жақында жойылған жарияланымдарды қалпына келтіру функциясын енгізді. Бұл туралы сервистің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Функцияға "жақында жойылған" деген атау берілді. "Адамдар бұл туралы көп сұраған еді. Енді қолданушылар жойылған жарияланымдарды қайта көре алады және қалпына келтіре алады", — делінген әлеуметтік желі хабарламасында. Сонымен қатар, сервис жойылған стористарды бір тәулік ішінде қалпына келтіруге болатындығын ескертті, қалған барлық жазбалар 30 күнге дейін сақталады. Сонымен қатар, әлеуметтік желі хакерлерге аккаунттарды бұзуға және жарияланымдарды жоюға мүмкіндік бермеу үшін пайдаланушыларды қорғаудың қосымша шараларын енгізді. Жазбаны толығымен жою үшін желі енді қосымша тексеруді сұрайды.