COVID-19: Қытайлықтар вакцинаның жасанды түрін саудалап келген

Қытайлықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның жасанды түрін саудалап келген. Оны Пекинде, Цзянсу мен Шандун провинцияларына сатуды жоспарлапты. Қылмыстық топтан екпенің 3 мыңдай дозасы тәркіленді. 

Сұмдығы сол дәрі деп кәдімгі тұздың ерітіндісін, халыққа жоғары бағамен ұсынған, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Тергеу кезінде тегі Кун есімді ер адам бұл істі сыбайластарымен бірге өткен жылдың күзінен бастағынан мойындапты. Тіпті әккілер флакондарды қарапайым физо ерітіндімен толтырып келген.

Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі, азаматтарды сақ болуға шақырды. Вакцинаны тек лицензиясы бар орталықтарда  салдыруға кеңес береді. АҚШ-тың инфекционист дәрігері де сапалы екпе қабылдағанда ғана вирустың мутациялануын ауыздықтай аламыз дейді.

«Сіз вакцинаны қолжетімді болысымен тезірек салдыруыңыз керек. Қаншалықты тез әрекет етсеңіз соғұрлым пайдасын сезесіз. Себебі, осы арқылы вирустың таралуын тоқтатып, штаммының көбеюіне жол бермеуге болады», – дейді АҚШ Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры Энтони Фаучи.

 

Back to top button