"Бұл – ғылыми шешім": Макрон Францияның ресейлік вакцинаны қолдану шартын айтты
"Бұл – ғылыми шешім": Макрон Францияның ресейлік вакцинаны қолдану шартын айтты
Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының өз елінде қолданылу шартын атады. Оның айтуынша, Ресей өндірушісі препаратты еуропалық органдарға тіркеуге өтініш бергенге дейін вакцина Франция аумағында тарала алмайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
F1 телеарнасына берген сұхбатында Француз басшысы The Lancet медициналық журналында жарияланған ресейлік вакцина туралы мәліметтерге түсініктеме берді. Макрон басылымда "Спутник V" екпесінің тиімділігі жоғары бағаланғанын атап өтті.
Сонымен бірге, президент ресейлік өндіруші француз билігінен нарыққа шығу үшін рұқсат алуы керегін айтты, оның сөзінше, "бұл санитарлық қауіпсіздік мәселесі". Макронның айтуынша, осыдан кейін ғана ресейлік препарат Еуроодақта "тәуелсіз түрде ғылыми тұрғыдан қарастырылады".
"Бұл – саяси шешім емес. Бұл – ғылыми шешім", - деді Франция президенті.