Жаңалықтар

Алматыда көлік жөндейтін орын өртеніп, 20 көлік жанып кетті (видео)

ашық дереккөзі

Алматыда көлік жөндейтін орын өртеніп, 20 көлік жанып кетті (видео)

Алматыда көлік жөндейтін нысан отқа оранды. 20-ға жуық көлік жанып кетті, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті. 2 ақпан күні кешкі 21:52 шамасында Бостандық ауданы Сәтпаев көшесі, 139 мекенжайында орналасқан көлік жөндейтін орында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде тілсіз жаудың жан-жағындағы өзге де нысандарға жайылу қаупі бар екенін анықтады. Соңғы мәліметке сенсек, 20 автокөлік жанып кеткен. 4 автомобильге ыстық жалынның әсерінен зақым келген. Тағы 15 машина эвакуацияланған. Жалын шарпыған аумақ - 600 шаршы метр. Ал ғимараттың жалпы аумағы - 1300 шаршы метр. Түнгі 23:09 кезінде өрт ауыздықталып, 23:47 кезінде толық сөндірілді. От көлік жөндейтін нысанның жанында орналасқан жанармай құю бекетіне жайылмады. Зардап шеккен ешкім жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.