БҚО-да 83 мұғалім коронавирус жұқтырды

БҚО-да 83 мұғалім коронавирус жұқтырды

БҚО-да 83 мұғалім коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қаңтардан бері 83 мұғалімнен және 139 оқушыдан коронавирус табылды. Аумақтық бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес, 28 мектепте 39 сынып карантинге жабылды. Коронавируспен ауырғандардың көпшілігі вирусты үй ошағында жұқтырған. Облыста кеше вакцинация басталып, БҚО әкімінің орынбасары мен бас мемлекеттік санитар дәрігері алғашқылардың қатарында екпе салдырды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, өңірде 8 мыңдай медицина қызметкері, 23412 педагог, 39605 студент, жүрек-қан тамырлары жүйесі және тыныс органдары ауруларымен диспансерде тұратын 100926 адам, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелердің 2471 қызметкері және жабық балалар ұйымдарының 156 маманы екпе салдыратын болады.