«Nur Otan» партиясы көпбалалы отбасының баспанасын табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етті

«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалына Талғар қаласының тұрғыны жағдайын айтып, көмек сұрап келді. Құлбаевтар отбасының 6 баласы бар. Бір баласы II-топтағы мүгедек болса, тағы бір баласы оңалту орталығында денсаулығына байланысты қажетті ем алып жатқанын мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы Талғар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Күрішбеков бұл өтініш бойынша келген Құлбаевтар отбасының мәселесін КазТрансГазАймақ мекемесінің жетекші маманы Қазиев Арман атты қызметшісіне жолдап, көмек қолын созуын сұрады.

КазТрансГазАймақ мекемесі 13 ші ақпан күні жетекші маман Қазиев Арман және Б.Күрішбековтің мұрындық болуымен, көпбалалы отбасын табиғи газ жүйесімен қамтамасыз етті.

Құлбаевтар отбасы партиялықтарға алғысын білдірді.

Back to top button