Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс

Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс

Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс
ашық дереккөзі
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын өткізді, онда қатысушылар қазақстандық білім және ғылым мәселелерін талқылады. Сенат Төрағасы кездесуді аша келіп, аталған тақырыптың маңыздылығын атап өтті және осы саланы дамытудағы кейбір трендтерге тоқталды. "Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы біздің мемлекетімізде әрқашан басымдықтардың бірі болып келеді. Еліміз Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауында бірқатар маңызды тапсырмалар алға қойылды. Жалпы алғанда, елімізді жаңғырту бағдарламалары аясында осы салаға баса назар аударылып отыр", - деді Мәулен Әшімбаев.  width= Сенат Төрағасы COVID-19 білім беру жүйесінің жұмысының қызметіне елеулі проблемалар туындатқанын атап өтті. Сонымен бірге, пандемия оқытуда жаңа әдістерді енгізу мүмкіндігі мен енгізу керектігін, ал қашықтан білім беру әлеуетін кеңінен қолдану керек екенін көрсетіп отыр. Мәулен Әшімбаев сондай-ақ білім беру саласындағы әлемнің барлық елдеріне тән мазмұнды өзгерістерге тоқталды. "Оқу өмір бойы жалғасатын процеске айналып келеді. Бұл білім беру жүйесін белгілі бір деңгейде қайта құруды талап етеді. Сондай-ақ сарапшылар арасында бүгінгі таңда жоғары білім беру жүйесі қазіргі әлемдегі ең маңызды екі функцияны - интерпретациялық контекст пен жүйелі ойлауды, сондай-ақ оқушыларда құндылық жүйесін қалыптастыруды атқармайды деген пікір бар", - деп атап өтті Сенат Төрағасы. Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Ол салалық мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар мен Мемлекет басшысының білім беру жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы айтып берді. "Біз жаңа әлемде, жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Білім беру жүйесі де оған бейімделуі керек. Мәселе жаңа реформалар жүргізу емес. Бізге барлық өзгерістердің тиімді болғаны, қазақстандықтардың білім деңгейі арта түскені, уақыт талаптарына сәйкес келетін құзыреттерді қалыптастыруға жағдай жасалғаны маңызды", - деп атап өтті министр.  width= Жас сарапшылар клубының отырысы барысында пікірталасқа қатысушылар қазақстандық білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Youth Corps Projectтегі мониторинг және бағалау жөніндегі сарапшы, әлеуметтанушы Камила Ковязина орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері туралы айтып берді. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, саясаттанушы Индира Рыстина жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелеріне тоқталды. Kzhol қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Диана Ерлан ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру саласын дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды. Ал Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин Қазақстанда ғылыми кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді атап өтті.