«Nur Otan» партиясы жалғызбасты қарияның жұмысқа орналасуына ықпал етті

«Nur Otan» партиясы жалғызбасты қарияның жұмысқа орналасуына ықпал етті

«Nur Otan» партиясы жалғызбасты қарияның жұмысқа орналасуына ықпал етті
ашық дереккөзі
Биыл 12 қаңтар күні «Nur Otan» партиясының Шалқар аудандық филиалына жалғызбасты қария Кеңес Әміров қоғамдық қабылдауға келіп, өзінің тұрақты жұмысы жоқ екенін айтып, жұмысқа орналастыруға ықпал жасауға өтініш білдірді. «Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Жарылғасын Шамбалаев «Шалқар аудандық жұмыспен қамту орталығына» Әміров Кеңес Сағитжанұлын жұмысқа орналастыруға ықпал жасауды сұрап хат жолдады. Нәтижесінде Шалқар қаласының тұрғыны Кеңес Сағитжанұлы 15 қаңтардан бастап ақылы қоғамдық жұмысқа орналастырылды және мәселені шешуге ықпал жасаған партиялықтарға өз алғысын білдірді.