Алтай қаласының тәртіп сақшылары ерлік көрсетті

Алтай қаласының тәртіп сақшылары ерлік көрсетті

Алтай қаласының тәртіп сақшылары ерлік көрсетті
ашық дереккөзі
Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында 40 градус аязда көшеде жалғыз жүрген 4 жасар бала анасына жеткізілді, деп хабарлайды ведомство өкілдері.  Алтай аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына хабарласқан азамат Стахановская көшесіндегі дүкен маңында қаршадай қыздың ата-анасының қарауынсыз жүргендігін айтты. Анықталғандай, баланың 38 жастағы анасы дәрігерге қаралу үшін ауруханаға кетіп қалған. Бұл кезде әкесі Грехово ауылында жұмыста болды. Ұйқыдан оянған 4 жасар қыз үйде ешкім жоқ екенін көрген соң киініп, анасын іздеу үшін далаға шыққан. 40 градус аязда дүкеннің жанында тұрған баланы ер адам жұмысқа бара жатып көріп қалды. Жақын жерде ата-анасын таппаған соң, полициядан көмек сұраған. «Полицейлер баланың ата-анасы туралы мәліметтерді дереу анықтады. 30 минут ішінде Алтай аудандық ПБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция қызметкерлері баланы ата-анасына аман-есен тапсырған», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың анасы тәртіп сақшыларына қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет еткені үшін алғыс білдірді.